ЖЕРЛЕСІМІЗ – ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ

Ұлттық арнада өтіп жатқан жоба аясында бас жүлде ауданымыздың тумасы Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал, қарсыласы келесі орынды қанағат тұтса, қазылар алқасының шешімімен екінші орынға Рүстем Қайыртайұлы лайық деп танылды. Сөз додасында тағы бір қызылордалық Ержан Әміров үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, «Жүрсіннің жүйріктері» – ежелден қалыптасқан айтыс өнерін шоу қойылымдар арқылы жаңа биікке көтеріп, ел ішінде, жастар арасында айтыскер ақындардың беделін қалыптастыратын мега-жоба. Телевизиялық айтысқа 20 ақын қатысқан болатын. От ауыз, орақ тілді кіл жүйріктердің ішінен оза шапқан жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
«ЖЖ» ақпарат.