» » » ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЫР ДОДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЫР ДОДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Өткен аптада Қостанай облысында "Тобылым – Торғайым, жүректен толғайын!" атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге жалғасқан жыр додасы Шақшақ Жәнібектің – 325, Ақсұлу Орысбайқызының – 145 және Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдығына арналды. Осыған дейін республикалық ақындар айтысы бұл өңірде 2008 жылы ұйымдастырылған болатын. Көрермендердің де сахна төрінен орын алған әр жұпқа деген қошеметінен олардың айтыс өнерін сағынып қалғанын айқын аңғарасың.Сөз сайысында айтыскер ақындар ел­дік, бірлік тақырыбын жырға арқау ет­­­ті. Сахнада сынға түскен 14 ақын­ның барлығы да көпшіліктің қоше­ме­тіне бөленді. Жыр сүйер қауымды ын­­тықтырып жеткен айтыстың бас жүл­­­десін жерлесіміз, «Алтын домбы­ра­­­­­­­ның» екі мәрте жеңімпазы Мұxтар Ниязов жеңіп алды. Көрерменді жырмен сусындатқан Мұхтар Ниязовқа Қос­танай облысы әкімінің орынбасары­ Марат Жүндібаев аталған өңірдегі «Сары­арқаАвтоПром» машина жасау зауытында құрастырылған «Пежо» авто­көлігін сыйға тартты. Жүлделі орындардан көрінген басқа да ақындарға арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.

«ЖЖ» ақпарат.

09 қазан 2018 ж. 826 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930