» » Банкноттарды айырбастау 1 ақпанға дейін ұзартылды

Банкноттарды айырбастау 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халықтан келген көптеген өтініштерді ескере отырып, 2006 жылғы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық банк» филалының қолма-қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Светлана Ибраева баяндады.
«2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қазіргі таңда, Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады»,- деді Светлана Еділқызы.
28 желтоқсан 2020 ж. 130 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930