» » Облыс әкімінің құттықтауы

Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Ескі жылға өкпеміз жоқ, қаншама қиындық болса да, ауызбіршілігіміздің арқасында ел болып еңсеріп, ауырт­палықты жеңе білдік. Жаңа жылға игілікпен, ізгі үмітпен қадам бастық.
Өткен жылы пандемия жағдайы қалыпты тіршілігімізге өзгеріс ен­гізді. Соған қарамастан өңіріміз үшін табысты жыл деуге болады. Бар­лық макрокөрсеткіштер бойынша жа­ғымды оң динамиканы сақтап қал­­дық.
Әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандары салынып, жылу, газ, электрмен жабдықтау инфра­құры­лым­дары жүргізілді, қаланың шеткі аймақ­тарындағы, елді мекендердегі жолдар жөнделді.

Қадірлі жерлестер!

Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – Сіздердің зор еңбектеріңіздің жемісі.2020 жылды нәтижелі аяқтап, Сыр өңірінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін!
Жаңа 2021 жыл Сіздерге жақсылық, отбастарыңызға амандық, мол ырыс-несібе әкелсін!Сыр қамбасы қазыналы болып, берекеміз арта берсін!
Еліміз еңселі, халқымыз бейбіт, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!Жаңа жыл құтты болсын, ардақты жерлестер!

Құрметпен, облыс әкімі
Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА
31 желтоқсан 2020 ж. 724 0