» » Нұрлан Шегебаев: Жауынгерлердің ерекше қабілеті көңіл қуантады

Нұрлан Шегебаев: Жауынгерлердің ерекше қабілеті көңіл қуантады


Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің жеке құрамы «Алтын жебе-2021» арнайы операциялар күштері компоненттерінің кешенді тексерісі алдындағы дайындық оқу-жаттығуларын аяқтауға жақын.


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өтіп жатқан «Алтын жебе-2021» арнайы кешенді тексерісінде Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің барлаушылары өз бағын сынайтын болады.
Бөлім жауынгерлері тексерістің жоспарындағы кездесетін барлық тапсырмаларды жоғары нәтижеде орындауға сақадай сай. Бұған, бөлімдегі арнайы мақсаттағы барлаушылардың суық қаруды лақтыру, байланыс, инженерлік және артиллерияның оқ атуын түзету мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану кезіндегі жинаған тәжірибелері, жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындаулары дәлел болады. Барлық санаттағы әскери қызметшілердің далалық дайындық деңгейі мен кәсіби даярлығының жоғары екендігі де жаттығулар барысында көрініс тапты.
«Тексеріс алдындағы дайындық жаттығулары кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тактикалық іс-қимылдарды дұрыс орындауға айрықша назар аударылуда. Лауазымдарына сай топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, медициналық дайындық бойынша арнайы сынақтар тапсыру да тыс қалмады. Күндізгі және түнгі уақыттарда марш жасау мен оқу-тактикалық атыстарға да дайындалу үстінде. Жауынгерлердің ерекше қабілеті мен сайысқа деген белсенділігі және ынта-жігері көңіл қуантады», – дейді әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрлан Шегебаев.

 «Алтын жебе – 2021» кешенді тексеруі осы жылдың 9 сәуіріне дейін жалғасады.
26 наурыз 2021 ж. 217 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031