» » 1 сәуірден бастап вакциналау есептегіші іске қосылады

1 сәуірден бастап вакциналау есептегіші іске қосылады



Қазақстанда 1 сәуірден бастап коронавирусқа қарсы вакциналау есептегіші пайда болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Біз 1 сәуірден бастап вакциналау есептегішін іске қосамыз. Президент әкімшілігінің тапсырмасы бар. Өңірлер бойынша күн сайын коронавирус жұқтырғандардың статистикасына ұқсас есептегіш "ілініп тұрады". Ол біздің сайтта орналасады", - деді Цой Алматыда өткен отырыста.

Есептегіш Қазақстанға қанша вакцина түскенін және қанша адам екпе алғанын көрсетеді.

Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейіін алты миллион адамды вакциналау жоспарланып отыр.

26 наурыздағы мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алғандар саны – 110 861, екінші компоненті 25 318 адамға егілді.
28 наурыз 2021 ж. 620 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930