» » Қарақшыға қарсы тұрған 13 жастағы Алматы тұрғыны марапатталды

Қарақшыға қарсы тұрған 13 жастағы Алматы тұрғыны марапатталды

Жасөспірім күдіктімен бетпе-бет өз үйінің кіреберісінде кездескен. Белгісіз біреу баланы қарауылдап, ұялы телефонын беруін талап еткен, деп хабарлады Polisia.kz.

Біз Ерасылдың қылығына шын жүректен сүйсінеміз. Ол өзінің батылдығымен және қайсарлығымен қаскөйдің бетін қайтарудан қорыққан жоқ. Баланың анасына батыл ұл тәрбиелегені үшін ерекше алғыс айтамыз, ол өз құрдастарына жақсы үлгі бола алады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Полицейлер Ерасыл мен оның анасын Полиция департаментіне шақырып, оны болашақта полиция қызметкерлерінің қатарынан көргілері келетінін жеткізді.

Мен Алматы қалалық полиция департаментіне күдіктіні тез ұстап, баламның ұялы телефонын қайтарып бергені үшін алғыс айтқым келеді. Шынымды айтсам, қылмыс тез ашылады деп күткен жоқпын, – деп атап өтті мектеп оқушысының анасы Дамира Қожа.
28 наурыз 2021 ж. 162 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 055

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30