Қылмыскерді ұстауға көмектескен балалар марапатталды
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Шарибаев мектеп оқушыларын марапаттады. Олар қайсарлық, қырағылық және азаматтық ұстанымын көрсетіп, қылмыскерді ұстауға көмектескен болатын, - деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер балаларға грамота мен естелік сыйлықтар тарту етті. Сондай-ақ, олардың ата-анасы мен ұстаздарына алғыс айтты.
Еске сала кетейік, 12 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында Уәлиханов көшесіндегі үйдің ауласында мас еркек кішкентай балаларға тапанша кезеніп, қорқытқан болатын. Бұл оқиғаны осы үйдің тұрғындары көріп, жаға ұстады. Осы кезде қызметте жүрген полицейлерге №27 және №37 орта мектептің оқушылары Дильнұр Амангелдиев пен Данияр Асқаров жүгіріп келіп, қолындағы тапаншасымен елдің зәре-құтын қашырған ер адам туралы айтты. Балалар айтқан жерге шұғыл жеткен патруль полициясы полкінің аға сержанты Руслан Шмидт ер адамды сөзге тартып, қолайлы сәт туғанда арнайы әдіспен оны жерге құлатып, қаруын тартып алды. Сол сәтте оған аға лейтенант Жандос Өзбек көмекке келеді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық тексеру ер адамның мас болғанын көрсетті» делінген хабарламада.