» » Жасөспірім тапаншамен ұсталды

Жасөспірім тапаншамен ұсталды

Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен жүрген 15 жастағы жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 маусым күні сағат 18.20 шамасында болды. Қоғам тыныштығын күзетіп жүрген, құрамында лейтенант Мақсат Қуанышев, қатардағы жауынгерлер Қуаныш Байдолұлы, Ерлан Нұрмағамбетов бар топ қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында күдік келтірген жасөспірімді қолға түсірді. Ол қашпаққа әрекеттенген.
Куәгерлердің қатысуымен оның қара түсті сөмкесі тексеріліп, ішінен «Байкал» МR-651К» пневматикалық тапаншасы табылды. Бұдан кейін жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушының қару ұстауға рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Тапанша сараптамаға жіберіліп, иесі кім екендігі анықталуда. Жасөспірімнің тапаншаны не себепті ұстап жүргендігін тергеу орындары анықтайтын болады.
04 маусым 2019 ж. 670 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930