» » Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр

Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр



Мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған оқу орындарын тексеру тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүріп жатыр. Бірақ проблеманы шешу керек», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында .

Берік Уәлидің хабарлауынша, 2020 жылы 38 ЖОО-ға профилактикалық тексеру жүргізілген. 14 ЖОО-да жұмысқа орналастыру көрсеткіштері талап етілетін нормативтен төмен болған. Ал 2021 жылы 42 жоғары оқу орнына алдын ала бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 53 мыңға жуық студент білім алатын 7 ЖОО жабылған. ЖОО оқытушылары жұмыспен қамтылып, студенттер басқа жоғары білім беру мекемелеріне ауыстырылған. Сонымен бірге, үш оқу орны бас лицензиясынан айырылған.
Олар:
– 35 мыңға жуық студенті бар Аймақтық әлеуметтік-инновация университеті.
– 5 мыңнан астам студенті бар М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы.
– Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ЖОО аталған шешімге шағымданды, қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр).
18 сәуір 2021 ж. 119 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930