» » Қызылордада ірі көлемде есірткі затын тасымалдаған тұрғын ұсталды

Қызылордада ірі көлемде есірткі затын тасымалдаған тұрғын ұсталды

15 сәуір күні сағат 16:25 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самара-Шымкент тасжолының 1383/883 шақырымында Байқоңыр қаласынан Арал ауданына қарай бағыт алған «Ваз – 2114» маркалы автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.



Тексеру барысында көліктің артқы орындығындағы сөмкенің ішінен полиэтилен пакетіне оралған «ерекше иісі бар шөп тәріздес» заты анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат  жалпы салмағы жарты келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.   Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.      
17 сәуір 2021 ж. 225 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30