» » Ауыл мұғалімдеріне жалақы жаңаша төленеді

Ауыл мұғалімдеріне жалақы жаңаша төленеді

Елімізде шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын төлеуді жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіру жоспарланып отыр.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтермен 100% қамтамасыз етуіміз қажет. Осы тұрғыда шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын төлеуді жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшіруді жоспарлап отырмыз. 2021 жылдан бастап 18 сағаттық жүктемеден 16 сағатқа, 2024 жылдан бастап жаңа жүйеге көшуіміз қажет", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сонымен қатар айтуынша, ауылға жұмысқа келген, қалада оқыған жас мамандарды ынталандыру үшін жұмысты өтеу мерзімін қысқарту, ауыл оқушылары үшін цифрлық репетитор жобасын енгізу қарастырылуда.

Бұдан бөлек, ол білім сапасын жақсарту үшін 2025 жылға қарай 5 мың ауылдық мектепке жаңғырту жүргізілетінін атап өтті. Бұл дегеніміз жөндеу жұмыстары, пән кабинеттері мен арнайы жиһаздар, компьютерлермен жабдықтау, асханалар мен кітапханаларды жаңарту.

"Әр облыс пен әр мектеп бойынша нақты жоспар бекітілді. Оның ішінде биыл 1015 мектеп жаңғыртылады", - деді ведомство басшысы. Айтуынша, 2025 жылға қарай ауылда 315 жаңа мектеп, соның ішінде биыл 83 мектеп салу жоспарланған.

Қазіргі таңда Қазақстанда 5 268 ауылдық мектеп жұмыс істейді. Бұл елдегі мектептердің жалпы санының 71 процентін құрайды. Ауыл мектептерінде 1,5 миллион оқушы оқиды, 182 мың мұғалім сабақ береді.


20 сәуір 2021 ж. 135 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930