» » Тоқаев "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы матч кезінде жылап жіберді – видео

Тоқаев "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы матч кезінде жылап жіберді – видео



"Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан кезде ойын ережесін өрескел бұзып, қызыл қағаз алды.

"Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчында қызық жағдай болды. "Ақтөбе" Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі үшінші жартылай финалдық кездесуде жеңімпаз атанды, деп жазады sputnik.kz. "Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев командасы 3:5 есебімен жеңіліп жатқан кезде ойын ережесін өрескел бұзып, қызыл қағаз алды, ызаға булыққан жас футболшы жылап жіберді.

[media=https://www.instagram.com/p/CN5jBt4jcNc/]


Нәтижесінде "Атырау" "Ақтөбеден" 4:6 есебімен жеңілді. "Ақтөбеден" Эленилсон, Ақжол Тыныштықбаев, Асхат Құлбаев, Аршат Сәтжан, Витао (2) гол соқса, "Атырау" сапында Болат Сарбасов (2), Эрик Данило және Эвертон көзге түсті. Осылайша топтамадағы есеп 2-1 нәтижесімен "Ақтөбенің" пайдасына шешілді. Топтамадағы ойындар командалардың біреуі үш рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

21 сәуір 2021 ж. 167 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 999

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031