Ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылған қазақстандық футболшы жылап жіберді

«Ислочь» клубымен ойын кезінде Васильев бастапқы құрамның қатарында ойын көрсетті. Алайда ойынның 74-минутында «Арсенал» және «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Глебке қарсы ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылды. Қазақстандық футболшы алаңнан кетіп бара жатып көз жасына ерік берді.
Ал ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 23-минутында шабуылшы Артем Милевский гол салып, «Динамо-Брест» клубы есеп ашты. Алайда 33-минутта «Ислочь» «Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Александр Макасьтің голымен есеп теңестірді.
stan.kz