» » Алматылық "Қайратқа" есе жіберген клуб "Астананы" 6:0 есебімен ұтты (фото, видео)

Алматылық "Қайратқа" есе жіберген клуб "Астананы" 6:0 есебімен ұтты (фото, видео)

"Астана" футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында голландиялық "Аз Алкмардан" 6:0 есебімен жеңілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңызды ойын "Карс Джинс" стадионында өтті.
Матчтың 25 минутында "Астана" клубының қақпашысы әрі капитаны Ненад Эрич жарақат алып, орнын Александр Мокинге босатты.

Елордалық ұжымның абдырап қалғанын байқаған, "Аз Алкмар" командасы шабуылды үдете түсті.

Нәтижесінде, ойынның 39 минутында 11 метрлік айып добынан алаң иелері есепті ашты.

Осыдан кейін араға бірнеше минуттар салып "Астананың" оң жақ қапталдағы қорғаушысы Абзал Бейзебековта жарақатына байланысты алаңды тастап кетуге мәжбүр болды.

Оңтайлы сәтті пайдаланған "Аз Алкмар" алғашқы таймның соңғы минутында есепті еселеді.

Екінші таймды алаң иелері қарқынды бастады.
Александр Мокин күзеткен қақпаны голландиялық команданың ойыншылары торауылдаумен болды.
Ақыры "Аз Алкмар" футболшылары діттеген мақсатына жетіп, матчтың екінші жартысында "Астана" клубының қақпасына жауапсыз төрт доп соқты.
Жалпы есеп 6:0 есебімен голландиялықтардың пайдасына шешілді.
Осылайша, "Астана" топтық кезеңдегі үшінші жеңілісіне тап болды.
Айта кетейік, 6:0 "Астана" клубының тарихындағы ең ірі жеңіліс болып табылады.
"Аз Алкмар" осыған дейін қазақстандық клубтар бірнеше рет кездескен.

Голандиялық клуб "Ақтөбе", қарағандылық "Шахтер", алматылық "Қайратпен" Еуропа лигасының іріктеу турнирінде ойнады.

2018 жылы шілдеде оңтүстік астанада өткен тартысты ойында "Қайрат" қарсыластары "Аз Алкмарды" 2:0 есебімен ұтқан.
Қарымта ойында алматылық ұжым 2:1 есебімен жеңілсе де, екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алған.


kaz.nur.kz
25 қазан 2019 ж. 500 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30