» » "Астана" өз алаңында загребтік "Динамодан" жеңілді

"Астана" өз алаңында загребтік "Динамодан" жеңілді


«Астаны» футбол клубы "Динамоға" қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу матчында өз алаңында 0:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін "Астана Арена" стадионында елордалық клуб загребтік "Доминоны" қабылдады. Ойынның 39-минутында хорват футболшысы Марио Будимир "Астана" қақпасына гол соғып, есеп ашты. Алғашқы тайм 0:1 есебімен аяқталды.
Матчтың екінші бөлігінің соңында, яғни 84-минутта "Динамо" сапындағы испан футболшысы Дани Ольмо есепті 0:2-ге жеткізді. Осылайша астаналық клуб футболшылары қарсылас қақпасына гол сала алмады.
Қарымта матч 15 тамыз күні Хорватия астанасы Загребте өтеді.


Назерке Абибулла
Baq.kz

08 тамыз 2018 ж. 636 0