» » Қызылордада заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заты алынды

Қызылордада заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заты алынды


Жыл басынан бері облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 30 құқық бұзушылық тіркелген, оның 8-і есірткі затын сату,1-і есірткіні жарнамалау дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 20 дерегі анықталған.

   Одан бөлек есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 22-26 ақпаны аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барасында Қызылорда облысы аумағында 16 дәріхана, 1 қойма және 5 денсаулық сақтау саласындағы мекемелері тексеріліп, есірткі өткізудің 3 дерегі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 дерегі анықталды.

 «Есірткі  сату  және  тағы да  басқа  есірткі  заттарына  байланысты  жасалып  жатқан  қылмыстар  мен  құқық  бұзушылықтар  жайлы  хабарламаларды  қабылдау  үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында   27-55-42  «Сенім  телефоны»  номері жұмыс атқарады»,- деп атап өтті Департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.
21 сәуір 2021 ж. 178 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031