» » Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырған 800 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырған 800 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырған 800-ге жуық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді. 
"Бүгінгі күні зерттелген материалдар бойынша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, коронавирусты қайта жұқтырған науқас ретінде 800-ге жуық адам тіркелген. Бұл науқастардың әрқайсысын эпидемиологтар зерттейтін болады, кеңес өткізіледі. Қорытынды ақпарат туралы кейінірек хабарлаймыз", - дейді Ахметова.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова республикада коронавирусты қайта жұқтырудың екі жағдайы ресми түрде расталғанын хабарлады. Бұл жаңа штамдардың пайда болуына байланысты екенін айтқан болатын.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларды дәрігерлер кеңесі растайды. Қазір клиникалық хаттамаға "қайта инфекция" ұғымы енгізілген.
21 сәуір 2021 ж. 211 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30