» » Танысының атынан несие рәсімдеген Шиелі ауданының тұрғыны анықталды

Танысының атынан несие рәсімдеген Шиелі ауданының тұрғыны анықталды


Полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан алаяқтарға алдану деректері азаяр емес. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жеке мәліметтерді таратпау, жеке басты куәландыратын құжаттарға абай болу керектігі туралы үнемі ескертіледі. Алайда тұрғындар сақтық шараларын елемей, көбіне салғырттық танытып келеді.

Осындай алаяқтықтың құрбаны Шиелі ауданының тұрғыны 19 сәуір күні  полицияға арызданды. 35 жастағы азаматшаның айтуынша, 2020 жылдың тамыз айында оның танысы сеніміне кіріп, құжатын пайдалып, банктен 135 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген.
 
Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына күдіктіні анықтады.  Тексеру барысында бұрын сотты болған 22 жастағы аудан тұрғыны жұмыс істеу үшін Нұр-Сұлтан қаласына  кетіп қалғандығы белгілі болды.  Қазіргі таңда күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 – бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  жүргізілуде.       

Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.
22 сәуір 2021 ж. 152 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930