» » Қызылордада танысынан 2 млн теңгені алдап алған әйел ұсталды

Қызылордада танысынан 2 млн теңгені алдап алған әйел ұсталды



Қызылордада танысынан 2 млн теңгені алдап алған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық дерегіне қатысты арыз түсірді. Мәлім болғанындай, биылғы жылдың тамыз айында жәбірленушіге танысы облыс орталығының шағын ауданынан қолжетімді баспана алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ол әйелді тұрғын үй құжаттарын жедел рәсімдеп беретіндігіне сендірген. Оған 3 млн теңге ақша алған. Алаяқ әйел одан кейін уәдесін орындаудан қашқақтаған. Жәбірленуші одан ақшасын қайтаруды талап етеді. Әйел оған 1 миллион теңгесін қайтарып, қалған ақшасын бермей бой тасалаған.
«Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде Қызылорда қаласының 57 жастағы тұрғыны қолға түсті. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол өзі жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада 27 жастағы жігіт көршісінің депозитіндегі ақшаны өзіне аударып алған.
30 қараша 2020 ж. 266 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031