» » 26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыста кең қолданылады

26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы барлық облыста кең қолданылады

26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайды. Бұл туралы Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдаған кезде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халыққа екпе егуге қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында айтылды. Асқар Маминнің айтуынша, сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.

Президентке отандық QAZVAC вакцинасының өңірлерге жеткізілуі жайында ақпарат берілді. Премьер-Министр Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы вакцина шығарған он мемлекеттің және өз әзірлемелерін тіркеген бес елдің қатарына кіргенін айтты. Сонымен қатар ол 26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайтынын атап өтті. Бұл «қызыл» және «сары» аймақ кезінде экономиканың әртүрлі секторының қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.
23 сәуір 2021 ж. 236 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 055

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031