» » Ақылы жолдарда кімдерге жеңілдік қарастырылған

Ақылы жолдарда кімдерге жеңілдік қарастырылған

Қазіргі уақытта ақылы учаскені пайдаланушылар үшін абоненттік төлем енгізілді.

Ақылы жолдарды пайдалану кезінде ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер берілуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіпов ҚазАқпарат жолдаған сауалға берген жауабында осындай мәлімет ұсынды.

«Қазіргі уақытта ақылы учаскені пайдаланушылар үшін абоненттік төлем енгізілді. Көлік құралы ақылы учаскеге іргелес аудандарда тіркелген жағдайда, абоненттік төлем 365 күнтізбелік күнге 1000 теңгені құрайтын болады.

Сондай-ақ, ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер беру туралы ұсыныс енгізілді». Арман Жүнісов жол жүру ақысы кейін төленген жағдайда бекітілген тарифтен 1,5 есе қымбатқа түсетінін айтады. «Төлемақы алудың ашық жүйесінде (шлагбаумдардың болмауы) алдын ала төлеу және одан кейін төлеу жүйесі көзделген. Бұл ретте, кейін төленген жағдайда тариф қолданыстағы тарифтің 1,5 коэффициентімен алынатын болады», - деп жазылған ресми жауапта.
26 сәуір 2021 ж. 160 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031