» » Биыл қандай жолдар ақылы болады?

Биыл қандай жолдар ақылы болады?



2019 жылдың қаңтарынан бастап бірнеше автокөлік жолдары ақылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақылы автожолдарды дамыту бойынша биыл қазан айында Ішкі істер министрлігінің жүйелерімен интеграцияланған Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелері тесттік пайдалануға енгізілді. 2019 жылы қаңтар айының екінші жартысында ақы алуды бастау жоспарланып отыр», - деп түсіндірді  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Оның атап өтуінше, мұнан бөлек, 5,9 мың шақырымда, соның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде ақы алу жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төлемдерді жинау жүйесін монтаждауды биыл бастау жоспарланған.
«Жалпы, 2020 жылға қарай ұзақтығы шамамен 6,6 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі қосылады», - дейді Жеңіс Қасымбек. 


https://syrboyi.kz
03 қаңтар 2019 ж. 612 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930