» » Сенат төрағасынан коронавирус анықталды

Сенат төрағасынан коронавирус анықталды

ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан коронавирус індеті анықталды. Бұл туралы Сенат төрағасы өзі хабарлады.

«Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың талаптарын қатаң сақтаудамын», – деп жазды Facebook парақшасында.

Жұмысты қашықтан жалғастыратынын айтып өтті.

«Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл ең алдымен өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.
27 сәуір 2021 ж. 186 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031