» » Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшауланды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшауланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин коронавируске байланысты оқшаулану туралы шешім қабылдады. Қазір ол қашықтан жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәжіліс Төрағасы карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалпы отырыстарды қоспағанда ешкіммен тікелей байланыста болмады. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин әрбір жалпы отырыс сайын коронавирусқа тест тапсырды.
Ағымдағы жылдың 9-11 маусымы аралығында Мәжіліс Төрағасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерге байланысты Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын. Елжан Біртановтың оң сараптамасына байланысты, 16 маусымда Мәжіліс Төрағасы тағы бір сынақтан өтті. Өкінішке орай, тест оң нәтиже көрсетті. Диагноз симптомсыз түрі деп қойылды. Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдады.Қазіргі уақытта Мәжіліс Төрағасы қашықтықтан жұмысын жалғастыруда. 17 маусымда өтетін Мәжілістің жалпы отырысын вице-спикер өткізуде», – делінген Мәжіліс ақпаратында.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.
17 маусым 2020 ж. 539 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930