» » Мәжіліс төрағасы БАӘ елшісін қабылдады

Мәжіліс төрағасы БАӘ елшісін қабылдады


Екі тарап алғаш рет кездесіп отыр.
Мәжіліс төрағасы БАӘ Қазақстаннның ең маңызды әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде қос мемлекет арасындағы байланыс сындарлы даму деңгейіне жетті.
Тараптардың пікірінше, бұл - екі ел басшыларының бауырластық, достық негізге құрылған стратегиялық келісімдерінің жемісі.
Нығматулиннің айтуынша, бүгінде барлық салада, әсіресе, мұнай-химия, көлік-логистика, энергетика саласында әріптестік қатынас белсенді түрде дамып келеді.
Кездесу барысында Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауында айтылған 10 бағытқа айрықша назар аударған Мәжіліс спикері болашақта екі ел арасында технология және инновация саласында ықпалдастықты тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Мәселен, Әмірліктің экономиканы әртараптандыру, инновациялық экономикаға көшу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қалыптастыру тәжірибесі Қазақстан үшін қызығушылық тудырады.
Елші Қазақстан барлық салада әлемдік деңгейде зор рөлге ие және ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесі екенін айтып, БАӘ Қазақстанның барлық бастамасын қолдауға ынтасын жеткізді.
Олар халықаралық өзекті сұрақтарды да назардан тыс қалдырмады.
Жүздесу соңында Мәжіліс спикері алдағы уақытта бейінді комитеттер арқылы іс-сапарлар жасау, әр сала бойынша заңнамалық тәжірибе алмасу жұмыстарын күшейту біздің елдерімізді одан әрі жақындастырып, елдер арасындағы заңнамалық базаны нығайта түсетінін атап өтті.
29 қаңтар 2018 ж. 882 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930