» » Covid-19: Қызылордада әскери қызметшілерге екпе егу жалғасуда

Covid-19: Қызылордада әскери қызметшілерге екпе егу жалғасуда

Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақтала отырып, әскери қызметшілер арасында індеттің алдын алу мақсатында коронавирусқа қарсы вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған екпе салу жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, Қызылорда қалалық 4 емханасының медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне сапалы және барлық жағдайды жасай отырып екпе жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабы бойынша вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады.

Вакцина егу алдында әрбір әскери қызметшіден екпе алдындағы барлық керекті медициналық тексерулер өткізіледі. Емхана дәрігерлері әскерилерге екпе салудың артықшылықтары мен өзі, отбасы және орта үшін маңыздылығын түсіндірді. Вакциналаудан өтудің негізгі екі себебі ол – өзіңді және айналаңдағы адамдардың денсаулығына бейжай қарамау.

«Екпе салу алдымен өзімнің денсаулығым үшін маңызды болғандықтан еш ойланбастан келістім. Осы әрекетім отбасым мен ортадағы адамдар саулығы үшін де маңызды деп ойлаймын. Бөлімнің әскери қызметшілеріне қолдау көрсетіп, екпе жұмыстарын салып жатқан емхана дәрігерлеріне алғысымды білдіремін», – дейді қатардағы жауынгер Қанағат Жаңабай.
04 мамыр 2021 ж. 197 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930