» » Екпеден бас тарту – ертеңге қауіп

Екпеден бас тарту – ертеңге қауіп

Облыста балаларға вакцина салғызудан үзілді-кесілді бас тартқан ата-аналар бар. Олардың арасында бірде-бір екпе қабылдамаған балалар да жоқ емес. Вакцинадан бас тартудың негізгі себептері – діни көзқарас, ғаламтордағы түрлі ақпараттардан кейін қалыптасқан жеке түсінік, вакцинаға деген негізсіз сенімсіздік. Ал екпені дер кезінде қабылдамау көптеген жұқпалы аурулардың өршуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан халықтың медициналық екпе туралы дұрыс түсінігін қалыптастырып, насихат жұмыстарын жандандыру маңызды.
Осы мақсатта 13 маусым күні Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқайымованың төрағалық етуімен «Жұқпалы ауруларға қарсы егулерден бас тартқандармен жұмыс жүргізудегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында екпеден бас тарту елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне алып келетіні, дер кезінде екпе алмаған балалар уақыт өте түрлі ауруға ұшырауы мүмкін екендігі айтылды. Сондай-ақ арнайы мамандар вакцина алудың маңыздылығын айтып, түйіткілді мәселенің шешімін табуға тырысты. Бұдан бөлек инфекциялық аурулардың қауіптілігі, екпе қабылдамаудың қатерлі салдары, вакцинаның инфекциялық аурудың алдын алудағы ең тиімді әдіс екендігі жан-жақты түсіндірілді. Дәрігерлер әр емханада екпе салдырудан бас тартқан ата-аналардың бар тілге тиек етсе, дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы діни көзқарас бойынша бас тартқан адамдармен түсіндірме жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Жиын соңында тұрғындар арасында екпеге қатысты түсіндіру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру қажеттігі, екпеден кейінгі күтіну жолдары туралы, вакциналаудың пайдасын насихаттауды күшейту қажеттігі, балалардың егілуін қамтамасыз ету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру талқыланды.
13 маусым 2019 ж. 747 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30