» » Елімізде баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін

Елімізде баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін

ÐлÑмÑзде балаÑÑна екпе ÑалдÑÑÑдан Ð±Ð°Ñ ÑаÑÑÒан аÑа-аналаÑÒа айÑппұл ÑалÑнÑÑ Ð¼Ò¯Ð¼ÐºÑн

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегілер балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салуды ұсынды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Елжан Біртанов еліміздің Денсаулық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілуі мүмкін екенін айтты.
«Өкінішке орай, бізде екпе салдырудан бас тартып жататын жағдайлар бар. Кей мемлекеттерде мұндай азаматтарға арнайы шаралар қолданылады. Мысалы, Германияда, екпе салдырмаған балаларды мектепке кіргізбейді. Ал бізде мұндай  жоқ. Әрине, мамандармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып бұл мәселені талқылаймыз», – дейді Біртанов.
Сонымен қатар министр шешімнің әлі қабылданбағанын атап өтті.
Жыл басынан бері Қазақстанда екпе салдырудан бас тартқан 500-ге жуық жағдай тіркелді. Олардың бір бөлігі діни көзқарасына байланысты екпе салдырмаған.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда екпе салдырмаған 30 бала сарыауруға шалдыққанын хабарлаған едік.


Stan.kz


12 қыркүйек 2018 ж. 588 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930