«Алдын ал. Сақтан. Егіл!» ұранымен иммундау апталығы өтеді
Екпе егу - адамзатты жұқпалы аурулардан қорғау және алдын алу бойынша ең тиімді іс-шаралардың бірі. Профилактикалық екпелермен жоғары деңгейде қамту-ұжымдық иммунитетті қалыптастырады, яғни екпе егу тек қана адамның өз денсаулығы ғана емес, қоғамның денсаулығына да әсер етеді.
Екпе егудегі тағы бір тың серпіліс – жаңадан «құрама вакциналардың» оңдіріп шығарылуы, ондай вакциналар бір ғана екпемен сәбилерді 5-6 жұқпадан бірден қорғауға мүмкіндік береді, олар «екпе егуден кейінгі жағымсыз жағдайлардың» туындауын төмендетеді.
Барлық вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылып, олардың сапа мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келіп, сертификатталған.
Туылған сәттен бастап 18 айға дейін бала туберкулез, вирусты гепатит В, полиомелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В типіндегі гемофильді таяқша, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитсекілді ауруларға қарсы 11 екпе қабылдайды.
2 жаста бала А вирусты гепатитіне қарсы екпе салдырады.
Мектеп табалдырығын аттар алдында бала екі екпе салдыруы тиіс:біреуі көкжөтел, дифтерия, сіріспеге қарсы «Бустрекс» вакцинасымен, ал екіншісі қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы «КПК» вакцинасымен. Алғашқы оқу жылының қыркүйек айында (баланың 5-6 жасында) мектепте тек туберкулезге қарсы екпелер ұйымдастырылады.
16 жаста және әр 10 жыл сайын азаматтар сіріспе мен дифтерияға қарсы қорғаныш екпесін қабылдайды.
Вакцинациялаудың нәтижесінде соңғы 15 жылда Қызылорда облысында дифтерия, полиомелит, сіріспе, көкжөтел аурулары тіркелмеген, А және В вирусты гепатиттердің және қызамық пен эпидемиялық паротит ауруларының аурушаңдық көрсеткіштері едәуір төмендеді.
Соңғы жылдары ата-аналар арасында вакциналардың сапасына, егулердің қажеттілігіне теріс ұғым қалыптасып, екпе салдырудан бас тартқандардың саны белең алып келеді. Осының салдарынан екпелерден бас тартқандардың арсында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулар, оның ішінде қызылша ауруының көптеп тіркелуі орын алып отыр. Ағымдағы жылдың 1 тоқсан қортындындысымен тіркелген қызылша ауруының 83 % қызылшаға қарсы егілмегендер.
2019 жылдың 1 тоқсан қортындысымен дифтерия, сіреспе, көкжөтел, гемофильді инфекция және вирусты гепатит В ауруларына қарсы алғашқы вакцинациямен 4717 бала егілді, қызылша, қызамық және эпидпаротит ауруларына қарсы алғашқы екпесімен 5734 бала, 6 жастағы қайта егумен 8653 бала егіліп мақсатты топтағы бала санына шаққанда қамту көрсеткіші 28,6%, сәйкесінше 49,3% құрады. Сонымен қатар құрөзек пен сіріспе ауруларына қарсы 6 жастағы 8415 бала, (46,7%), 16 жастағы 7198 жасөспірім (69%) және 11977 немесе жоспарға алынған ересектертдің68,2 % тиісті екпелерімен қамтылды.Екпеден кейінгі асқыну жағдайлары орын алған жоқ.
ҚР ДСМ ҚДСК Қызылорда облысы департаменті 2019 жылдыңсәуір айының 24-30 аралығында облыс тұрғындары арасында «Алдын ал. Сақтан. Егіл!» ұранымен иммундау апталығының өткізілетінің хабарлайды. Егер Сіздің жаңұяңызда 2, 3, 4, 12, 18 айындағы, 6, 16 жастағы және 26, 36, 46, 56 жастағы жоспарлы профилактикалық екпелерді уақытылы алмаған азаматтар болса, кез келген жақын орналасқан емханаға барып, дәрігердің қарауынан өтіп, ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес тиісті екпелерін алуға мүмкіндіктері бар.
Екпелердің барлығы тегін жүргізіледі.
Қосымша ақпаратты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 8 (7242) 400451, Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен 8 (7242) 238149 телефондар арқылы алуларыңызға болады.
Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті