» » Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұр

Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұр

Бұл өте жақсы позиция және қарқыны да қалыпты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі вакцинация жүргізу қарқынын баяндады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Вакцинация жұмыстары тұрақты қарқынмен жүруде. Қазақстан әлемде вакцина алған азаматтар саны бойынша 57-ші орында тұр. Бұл өте жақсы позиция және қарқыны да қалыпты. Егер вакцинацияның бастапқы кезеңінде күш салар болсақ, бұл халықтың вакцинадан бас тартуына әкелуі мүмкін.

Еш асықтыру болмау керек. Бастапқы кезеңде нақты түсіндіру, мысал келтіру, жүйенің дайындығы, медицина қызметкерлері мен вакциналау пункттерінің дайындығы болуы керек», - министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. «Вакцинаны халыққа жеткізу үшін жылжымалы рефрижераторлар болуы, шалғай елдімекендерді қамтамасыз ету өте маңызды болды. Сауда орталықтарында жабдықталған орындар ашылды және олар шұғыл көмек көрсету бойынша арнайы жинақтармен жабдықталды, барлық ағын пысықталды. Логистика өте үлкен. Ең бастысы, бұл эволюциялық процесс. Қазір азаматтардың өздері елімізде қолжетімді вакцинаны алуға тырысып жатыр», - деді А. Цой.

06 мамыр 2021 ж. 176 0