» » Сәуір айында 1 млн-нан астам адамға вакцина салынады – Цой

Сәуір айында 1 млн-нан астам адамға вакцина салынады – Цой

Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады, дейді министр.

Бүгінге дейін Қазақстан өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді, биыл наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде, деген ақпарат жарияланды ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың facebook-тегі парақшасында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде", - делінген жазбада.

Министрдің ақпаратынша, халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 млн-нан астам азамат вакцинацияланатын болады.

"Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады", дейді Цой.
19 наурыз 2021 ж. 331 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031