» » Алматы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасыннан кейін қайтыс болды

Алматы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасыннан кейін қайтыс болды

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін қайтыс болған азамат туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды @inbusinesskz.

Қазіргі кезде азаматтың қайтыс болу себептері зерттелуде. 1979 жылы туылған адам вакцинаның алғашқы дозасын 12 сәуірде алған, 21 күннен кейін екінші компонентін салдырды.

«Вакцина салдырғаннан кейін, 30 минут бойы дәрігердің бақылауында болды, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Кейін Б. Нұртазин үйіне кетті. Оның жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды»,– деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар басқа таратқан ақпаратта ер адамға қандай вакцина егілгені туралы айтылмайды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы алдын-ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі деп атап өтті.

«Өлімнің себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, соңғы диагноз гистологиялық сараптамадан кейін анықталады»,– деп жазылған хабарламада.
06 мамыр 2021 ж. 992 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930