» » Министр Цой: Қазақстанда ақылы вакцинация жоқ

Министр Цой: Қазақстанда ақылы вакцинация жоқ

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ақылы вакцинацияға рұқсат етілмеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазіргі таңда Қазақстанға тек мемлекеттік айналымда қолданылатын вакциналар өндіріліп, жеткізілді. МӘМС жүйесіне қатысатын жекеменшік клиникалар қормен келісімшартқа отырып, адамдарға вакцинаны тегін салады…Жалпы Қазақстанда қазіргі таңда вакцина сатуға ресми рұқсат жоқ», – деді Цой баспасөз мәслихатында.

Алайда, айтуынша, министрлік коммерциялық нарықта вакцинаға қолжетімділікті кеңейтуді және екпе түрлерін ұлғайтуды көздеп отыр.
Бұған дейін министр Цой сәуір айында Қазақстанға ресейлік вакцинаның 2,5 миллион дозасы жеткізілетінін мәлімдеді.
1 ақпаннан бері елде 131 170 адам «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салғызды. Ал екінші компонентін 32 482 адам қабылдады.
31 наурыз 2021 ж. 273 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930