» » Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады

Биыл Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режимде өтеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді.

«Еліміздегі және әлемдегі көптеген қоғамдық іс-шара мен жиындар онлайн режимде өтіп жатыр. Оның басты себебі пандемиялық жағдайды одан сайын күрделендірмеу екені белгілі. Өйткені жұқпалы дертпен оқшаулану арқылы ғана күресудің маңызы күн сайын артуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі пандемиялық жағдайды ескеріп, қауіпті дерттің таралуын алдын алу үшін қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетінін хабарлайды», – делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ дін саласының мамандары Қадір кешін үйде өткізуге шақырды. Халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауларыңызды және тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз, деді басқарма өкілдері.
Осылайша  Қадір түнінде отандық телеарналар мен «Халық арна», «Хикмет ТВ» және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарлама көрсетіледі.
«Қасиеті мол қадір түні» онлайн бағдарламасында белгілі ғалымдар уағыз-насихат айтады. Сондай-ақ Құран хатым дұғасына қатысуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар қазақстандықтар діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығынан 8 7172 33 30 30 нөміріне хабараласып, тәулік бойы қызықтырған сауалды қоя алады.
08 мамыр 2021 ж. 105 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930