» » Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың ораза айт мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Ислам әлеміндегі мұсылман қауымының ең сауапты айы - рамазан.

Исламның бес парызының бірі - Рамазан айында ораза ұстау болса бүгін міне, сол үлкен сауапты істі аяқтап отырсыздар.

Мұсылман баласы отыз күн ораза тұтқанда Аллаға құлшылық қылып, нәпсіден тиылып, рухани жаңарып, жаңа дүниеге қадам басқандай болады. Өмірдің мәнін түсінеді, барына шүкіршілік қылып, тәубаға келеді.
Ораза – бұл дүниенің, ырыс-берекенің қадірін білдіреді. Адам баласы ауыз бекітіп, күні бойы ашығып, жүріп, кешқұрым ауыз ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты дәмді екенін сезеді.

Ораза - сабырлылық пен төзімділікке үйретеді. Аштық пен құмарлық сезімге сабыр қылған адам өзгеге де сабыр ете алады. Сабырлылық күшіне ие болған жан қашанда өз мақсатына жетеді.
Ораза - халықты береке-бірлікке бастайтын, мұсылман бауырлар бірі-біріне мейрім нұрын төгетін жылдың қасиетті мезгілі.

Бұл дүниенің осындай нығметтерінен өткен мұсылман баласы үшін Ораза айт - ұлық мереке. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын! Еліміз аман, бейбітшілік заман болсын, баршаңызға отбасыңызға аманшылық тілеймін! Айттан айтқа аман-есен жетейік!
13 мамыр 2021 ж. 906 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031