» » Қазақстан не себепті бірнеше есе қымбат шетелдік вакцинаны алып жатыр: Цой түсіндірді

Қазақстан не себепті бірнеше есе қымбат шетелдік вакцинаны алып жатыр: Цой түсіндірді

Қазақстан не себепті шетелдік қымбаттық вакцинаны сатып алып жатқаны туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Министр қазіргі таңда қымбат, арзан деп қарамай, халықты толығымен вакцинациялау керек екенін айтты. 

"Вакциналардың көрсетілген бағасын өндірушілердің өзі қойып, белгілеп отырады. Біз үшін ең маңыздысы – халықтықысқа мерзім ішінде вакцинамен қамту. Тұрғындар қалаған вакцинасын салғыза алатындай жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, жеткізу мен лимит бойынша тапшылық бар. Ал біздің ең басты мақсатымыз – қысқа уақыт ішінде халықты барынша вакцинамен қамту. Сондықтан бұл жұмыстар атқарылып, вакциналар жеткізіліп, иммундау жүйесінде қолданылып жатыр", - деді министр.

Қазіргі таңда еліміздегі вакцина шығаратын зауыт та шетелдік өндірістен қалысқан жоқ. Аладағы уақытта әлдеқайда көп вакцина шығару мүмкіндіктері қарастырылмақ. 

"Ал елдегі зауытқа қатысты айтар болсақ, бұл вакцина алғаш рет шығарылады, сонымен қатар, ол жерде онкологиялық ауруларға қажетті биологиялық заттар өндіріледі, сондықтан жабу туралы мәселе жоқ. Вакцина кестесі бойынша елімізде 20 түрлі вакцина салынады және оның өндірісі бар, сондықтан отандық фарминдустрияны қолдау керек", - деді Алексей Цой.

Қазақстан Hayat-Vax вакцинасының әр данасын - 26 645 теңге, "Спутник V" вакцинасын 26 долларға 11 138 теңге сатып алып отыр, ал QazVac бағасы - 4 027 теңгені құрайды. 

20 мамыр 2021 ж. 176 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930