» » Алматыда жұмыста отырғанын ұмытып кеткен полицейлер жұрттың ашуына тиді – видео

Алматыда жұмыста отырғанын ұмытып кеткен полицейлер жұрттың ашуына тиді – видео


Белсенді Нұрәлі Айтеленов Алматының Жетісу ауданында учаскелік инспекторлар онлайн ойын ойнап отырғанын видеоға түсіріп, желіде жариялады. Бұл оқиғаға Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов түсініктеме берді.

Жұмысқа немқұрайлы қараған қызметкерлердің іс-әрекетіне Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары назар аударды."Ақпарат бергеніңіз үшін алғыс білдіремін! Бүгін қызметкерлерімізге қатысты қызметтік тексеріс жүргіземіз. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймын", - деп жауап берді Рүстем Әбдірахманов блогерге.   



Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Муснов мән-жайды анықтауға уәде берді.

"Бейнежазбаға қарағанда, бұл Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс басталды", - деп жазды Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.  
20 мамыр 2021 ж. 313 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031