Жалағаштық дәрігерлер адам өмірін сақтап қалды
Жалағаш ауданының тас жолында автокөліктің дөңгелегі жарылып, жол көлік оқиғасы орын алды.
Өмірбек Қаhарманов жұмыс істемейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемін дербес төлеуші ретінде төлеп (ай сайын – 2125 тг) «сақтандырылған» мәртебесін алды. Емделуден кейін науқасқа оңалтудан ем алу ұсынылды, деп хабарлады Жалағаш аудандық ауруханасының жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Оспанов.
Жыл басынан бері Жалағаш аудандық ауруханасында барлығы 192 ота жасалды. Оның 169-ы МӘМС аясында болса, 23-і тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша өтті.
«Көлікте біз төрт адам болғанбыз. Жүргізуші мен інім зардап шеккен жоқ, тек қарындасым екеуміз жарақат алдық. Жедел жәрдеммен бізді аудандық ауруханаға жеткізіп, жедел медициналық көмек көрсетті. Апат салдарынан миым шайқалып, сол қолым сынған. Дәрігерлер ота жасап, гипс салды. Қазір денсаулығым жақсы. Қарындасыма да ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты. Дәрігерлерге көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғыс айтамын», – дейді Қармақшы ауданының тұрғыны Өмірбек Қаһарманов.
Өмірбек Қаhарманов жұмыс істемейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемін дербес төлеуші ретінде төлеп (ай сайын – 2125 тг) «сақтандырылған» мәртебесін алды. Емделуден кейін науқасқа оңалтудан ем алу ұсынылды, деп хабарлады Жалағаш аудандық ауруханасының жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Оспанов.
«Электронды-оптикалық түрлендіргіштің көмегімен инвазивтілігі төмен отауларды жүргіземіз. Жақында лапароскопиялық отауларды бастауды жоспарлап отырмыз, мамандар даярладық. Аталған аппараттар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен сатып алынды», – деп атап өтті хирург-дәрігер Оспанов.
Жыл басынан бері Жалағаш аудандық ауруханасында барлығы 192 ота жасалды. Оның 169-ы МӘМС аясында болса, 23-і тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша өтті.