Қазақстанда еріктілерге ЖОО-ға түсу кезінде артықшылық беріледі
Заңға енгізілетін түзетулерде еріктілер мен қайырымдылықпен айналысатындарға жоғарғы оқу орнына түсу, мемлекеттік қызметке тұру жеңілдету көзделген. Оған қоса, қайырымдылық ұйымдарына мемлекеттік меншікті ұсыну, зейнетке шыққаннан кейін еріктілер қызметін есепке алу мәселесі де заңмен бекітілмек.
Аида Балаева атап өткендей, еріктілер жылында волонтерлер саны шамамен 3 есеге өсті (2020 жылдың басында – 224, қазіргі уақытта – 600), ал белсенді еріктілер – 2 есеге өсті.
«Қайырымдылық қызметін дамыту шаралары тиімді жүзеге асырылды. Пандемия азаматтарға бір-біріне көмектесудің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді. Осы дәстүрді сақтай отырып, биыл мемлекет басшысының бастамасымен жалпыхалықтық игі істер марафоны басталды. Ол да қоғамдық қолдау тауып отыр. Тек бірінші тоқсанның өзінде 2500-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді, оған 2 миллионнан астам азамат қатысты», – деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 500-ден астам ұйымды біріктірген Республикалық фронт-офис және 17 аймақтық волонтерлік қолдау орталығы құрылды. 6000-нан астам еріктілер оқытылды, 50 бастамашыл топтар құрылды, 500-ден астам шағын гранттар іске асырылды.