» » САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ



Тарих беттерін парақтасақ Кеңес үкіметіне дейін және Кеңес үкіметінің алғашқы құрылған жылдары алып империяға қарсы үш жүзден аса көтеріліс болғанын білеміз. Солардың ішінде мақсатының нақтылығы мен ауқымының кеңдігі жағынан Сыр бойындағы, оның ішінде Жалағаш ауданы аймағындағы Қарақұм көтерілісінің тарихи маңызы бар. Қарақұм көтерілісі біздің әкелеріміздің, аталарымыздың әділет жолындағы күресі.

Бүгін, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы атаулы күні ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға және жалпы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету, тарихта із қалдырған айтулы оқиғаны келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында «Тағзым» аллеясындағы «Қарақұм көтерілісі» ескерткіші жанында саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиын «Қарақұм көтерілісі» ескерткіш басына тағзым етіп, гүл шоғын қою, құран бағыштау рәсімінен басталды. Сонымен бірге жиынға қатысушылар озбыр, солақай саясаттың кесірінен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыз жапа шегіп, аштық көрген ата-бабаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

- Жазықсыз жазаланған, ақылға сыйымсыз саясаттың құрбандары ата-бабаларымыздың есімдері кейінгі ұрпағының мәңгі есінде болады.
Бүгін азалы тарихымызға бас ие отырып, аяулы азаматтар рухына тағзым ету, өткенімізге салауат айтып, тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне жас ұрпақты бей-жай қарамауға тәрбиелеу ең басты парызымызға айналды.

Тарихымыздың осы бір шерлі беттерін әрдайым еске алып отыру Тәуелсіздігіміздің құндылығын еселей түспек. Біз ешкім де ешқашан да ұмытылмайды деп өскен ұрпақпыз. Жазықсыз жазаланған ата-ағалар есімі мәңгі жасайды, - деді аудан әкімі Асылбек Шаменов саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу жиынының алғашқы сөзінде.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев және қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары атынан Оспан Тәуекелов сұрапыл жылдарда жазықсыз жапа шеккен жандардың есімдері елдің есінде сақталатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 2018 жылы аудан орталығынан «Қарақұм көтерілісі құрбандарына арнап ескерткіш орнатылды.

31 мамыр 2021 ж. 569 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930