» » Президент Шарын шатқалында балаларды құтқарамын деп көз жұмған ұстазды марапаттады

Президент Шарын шатқалында балаларды құтқарамын деп көз жұмған ұстазды марапаттады

ұстазМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқарамын деп мерт болған Мерей Ибрагимовты марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы "№ 199 мамандандырылған гимназия" КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм)", - делінген президент қаулысында.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Шарын шатқалында селден екі адамның көз жұмғаны айтылған еді. Олардың бірі оқушы, екінші мектеп ұстазы екені анықталды. 


01 маусым 2021 ж. 176 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930