» » Қазақстандық түлектерге бітіру кешін ұйымдастыруға рұқсат берілді

Қазақстандық түлектерге бітіру кешін ұйымдастыруға рұқсат берілді

Қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін 12-14 маусым аралығында мектеп бітірушілер үшін бітіру кештері ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Мерекелік шараларда 9 және 11 сынып түлектеріне орта білім туралы сертификаттар табысталады. Түлектер кеші ашық аспан астында өтеді.

Шағын мектептерде барлық сыныптар үшін бір уақытта бітіру кештерін өткізуге рұқсат етілген. Егер бітірушілердің саны көп болса, онда адамдар көп жиналмас үшін әр сыныпқа бөлек бітіру кеші ұйымдастырылатын болады. 

“Педагогикалық әдепті сақтау үшін мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлықтар қабылдауға немесе сыйлық беруді ұйымдастыруға тыйым салынады”, – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Мектептер бірқатар талаптарға сүйене отырып, бітіру кешін ұйымдастырады. Олар: 
- санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды қамтамасыз ету;
- маска режимі;
- аумақта және мектеп ғимаратында таңбалаумен іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 1-1,5 метр қашықтықты сақтау;
- бітіру кешіне бір балаға бір ата-анадан артық келуге болмайды;
Бітіру кешінде аниматорларды, агенттіктерді, жеке студияларды шақыруға, мерекелік үстел ұйымдастыруға, қала сыртына экскурсияға шығуға тыйым салынады. 

stan.kz
03 маусым 2021 ж. 1 150 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930