» » Ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді

Ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді


8-10 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер кезекті антициклонның әсерінен Қазақстанда күн суытатыны туралы мәлімдеді. Кей аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

“Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болады, жаңбыр жауады, 10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Кезекті солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендеуіне алып келеді, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді”, – дейді синоптиктер.
07 маусым 2021 ж. 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031