Қазгидромет: Еліміздің көптеген өңірінде бұршақ жаууы ықтимал
Бүгін маусымның 2-сі күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында мол көлемде жаңбыр жауады, тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, дауыл болуы, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады, желдің күші секундына 15-20 метр болады, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Сондай-ақ бұршақ жаууы да мүмкін. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бірқатар аумақтарда дауыл болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағаймен бірге жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағаймен бірге 15-20 м/с жылдамдықпен жел ұйтқиды.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде - найзағай ойнап, тұман түсіп, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі.
Күндіз кей өңірлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында күндіз қатты күн ысиды.
Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау облысында да солай.







