» » Қазгидромет: Сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы

Қазгидромет: Сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы

Сәуірдің 22-сі күні Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының бірқатар аймақтарында мол көлемде жауын жауады, елдің тек батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысында күндіз күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Қарағанды, түнде және таң ата Қостанай облыстарында тұман түсіп, Қарағанды облысында көктайғақ болады.  
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да ықтимал.  
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.   
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аймақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, таң ата және түнде тұман түседі.  
22 сәуір 2019 ж. 705 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30