ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жаңа басшыны облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Талғат Садықов 1980 жылдың 23 мамырында Жалағаш ауданында дүниеге келген.
1997 жылы №118 орта мектепті бітіріп, 2004 жылы Тараз қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті тарих және география пәндерінің мұғалімі.
2019 жылы «Болашақ» университетінің педагогика ғылымының магистры.
Еңбек жолын 2004 жылы №118 орта мектепке география пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 2006 жылы аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2007 – 2010 жыл аралығында бас маман, 2010 жылы аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған. 2010 – 2020 жылдары №201 мектеп-лицей директоры болып қызмет атқарып келді.
Облыс әкімінің, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымының Құрмет грамоталарымен, Білім және ғылым министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған.