» » Қызылорда: Әйел адамға облыс әкімі болу ауыр емес пе?

Қызылорда: Әйел адамға облыс әкімі болу ауыр емес пе?



ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Әйел адамға облыс әкімі болу ауыр емес пе?» деген сауалға жауап берді.

«Кез-келген адам белгілі бір саланың қандай да бір мектебінен өтсе, оны басқара алады деп есептеймін. Мемлекет басшысы сеніп тапсырған қызметті абыроймен атқару үшін алған білімім мен жиған тәжірибемді жұмсаймын. Өзіңіз білесіз, мен төтенше жағдай кезінде аймақты басқаруға келдім. Сондықтан, мен мұның қандай үлкен жауапкершілік екенін түсіндім. Бір жағынан, бұл – менің туған жерім. Бұл жерде үлкендердің көбіcін білемін. 90-шы жылдары осы өңірде еңбек жолын бастадым. Туған жеріңнің топырағы да ыстық дейді ғой. Сондықтан, жерлестерімнің қолдау көрсетуі маған дем береді. Қолдан келген бар мүмкіндікті қолданып, жұмысты бастап кеттік. Бүгінгі таңда өңірдегі проблемаларға қатысты дұрыс шешім қабылдау үшін орталықтың да, өңірдің де тиісті сала мамандарымен ақылдасып отырамын. Үкімет тарапынан қабылданған дағдарысқа қарсы жедел шараларды өңірімізде барынша жүзеге асырдық. Мәселелерді барынша шешуге тырысамын. Әрине, атқарылған жұмыстың бағасын халық береді. Ең бастысы, өңірдің дамуына аянбай қызмет етемін», – дейді облыс әкімі.
10 маусым 2021 ж. 1 008 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930