» » Мемлекет 1 вагонды 400 миллион теңгеге сатып алған

Мемлекет 1 вагонды 400 миллион теңгеге сатып алған

Қазақстандықтардың «Қазақстан темір жолына» сұрақтары қордалануда, деп жазады @Inbusinesskz.

Азаматтар отандық вагондардың ыңғайсыз екенін, тіпті Өзбекстанның өзі бұл тұрғыдан алға озып кеткенін айтып, шағымданып жүр.

«Халықтың вагондар жай-күйін сынауы әділетті. Расында, вагондар паркінің тең жартысы жаңғыртуды талап етеді. Былтырғы 2020 жыл қорытындысында «Нұрлы жол» мембағдарламасы аясында жолаушылар вагондары паркін жаңартуға 40 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға «ҚТЖ» отандық «Тұлпар» зауытынан 100 жолаушылар вагонын сатып алды (орта есеппен 1 вагон 400 миллионға түскен – авт). Бүгінде ол вагондар 7 бағытта «Атырау–Маңғыстау», «Алматы–Жезқазған», «Алматы–Маңғыстау», «Нұр-Сұлтан–Семей», «Алматы–Өскемен», «Нұр-Сұлтан–Арқалық», «Қызылорда–Семей» маршруттерінде сапарлап жүр. Енді биылғы 2021 жылы тағы 31 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. Оның бәрін «Тұлпар» зауыты жасайды. Оған 14,7 миллиард теңге бөлінді», – деді министр Бейбіт Атамқұлов.

Бұл жаңа вагондар «Алматы–Маңғыстау» және «Алматы–Атырау» бағыттарында жолға қойылатыны айтылды.

Оның байламынша, жаңа вагондар қауіпсіздіктің барлық талабына сәйкес келеді. Іші кондиционермен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
11 маусым 2021 ж. 1 062 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031