Денсаулық сақтау министрі "үнді" штамына байланысты мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үнді штамына байланысты халыққа ескерту жасады. Министр көпшілікті сақтануға шақырды.
Бұл туралы министр үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
“Елордада коронавирус жұқтырғандар саны 40 пайызға өсті. Осыған байланысты осы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырттанушылық саны 4 пайызға өсті. Еліміз “сары” аймақта. Ал Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл” аймақта. Республика бойынша төсек орын сыймдылығы 52 пайызға, жансақтау бөлімдерінде 21 пайызға толды”, – деді министр.
Алексей Цой елордадан үнді штамына ұқсас вирустың анықталғанын айтып, барынша сақтануға шақырды.
“Қазақстан бойынша 4,5 миллион екпе салынды. Оның 2,8 миллионы - бірінші, 1,7 миллионы – екінші доза. Елордада “дельта” үнді штамына ұқсас вирустың анықталғанына байланысты вакцина салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын сақтауды сұраймын”, – деді Цой.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айналымда "үнділік" штаммның болу ықтималдылығын анықтады. Мутацияның болуын және оның "Дельта" штаммына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.